Калифорнияда орман өрті өршіді 

Калифорнияда орман өрті өршіді 

АҚШ-тың батыс жағындағы Калифорнияда орман өрті толастар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лапылдаған от салдарынан 200 гектар орман алқабы күлге айналған. Тілсіз жаумен жүзден аса өрт сөндіруші күресіп, кешке жақын ғана ауыздықтаған. Өрттің шығу себебі әлі анықталуда, зардап шеккендер туралы дерек жоқ.