Климатологтар: Америка қуаңшылыққа тап болуы мүмкін

Климатологтар: Америка қуаңшылыққа тап болуы мүмкін

Америка алдағы жазда қуаңшылыққа тап болуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы сол елдің климаттанушылары айтып отыр. Олардың пайымдауынша, құрғақшылық жаңбыр мен қардың аз түсуіне байланысты болып отыр. Қазіргі кезде Тынық мұхитының солтүстік батысында алқаптың жетпіс проценті қурап кеткен.

Айта кетейік, былтыр АҚШ-тың батыс бөлігінде соңғы жылдардағы ең қатты қуаңшылық деңгейі тіркелген болатын. Алдағы жазда жағдай одан әрі қиындай түседі деген болжам айтылуда.

Ларри О’нил, Орегон штатының климаттанушысы:

– Биылғы жазда ормандардың өртену қауіпі бұрынғыдан жоғары. Бұл көктемнің жауын шашын мөлшеріне байланысты болады. Елімізде қуаңшылықтың белең алуы әбден мүмкін, сондықтан қиындықтарға дайын болуымыз керек.