Пәкістанда ер адам мешіттің ішінде өзін жарып жіберді

Пәкістанның Пешавар қаласында жойқын жарылыс болды.

Мұнда ер адам мешіт алдында полицейлерге оқ атып, артынша жұма намазы өтіп жатқан құлшылық үйінің ішінде өзін-өзі жарып жіберген.

Салдарынан 50-ден аса адам көз жұмып, тағы 200-ге жуығы жарақат алды. Дәрігерлер құрбандар саны әлі де артуы мүмкін дейді. Өйткені ауруханаға жеткізілгендердің біразының жағдайы ауыр.

Әзірге ешбір топ болған оқиғаны өз мойнына алған жоқ.