Грекияда қалың тұман салдарынан 50-ден астам көлік соқтығысып қалды

Грекияда қалың тұман салдарынан 50-ден астам көлік соқтығысып қалды

Грекияның солтүстігіндегі жолда қою тұман салдарынан 50-ден астам көлік соқтығысып, үш адам жараланды, деп хабарлады ERT-1 телеарнасы.

Алдымен бес көлік соқтығысқан. Артынша олардың саны 50-ден асты.

Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметтері барып жетті. Қазіргі уақытта тас жолдың Верия қаласынан Козаниге дейінгі бөлігі жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылды.