ЕО: Украиналық босқындар саны 5 миллионға дейін жетуі мүмкін

Украинада әскери іс-қимыл басталғалы елден бір жарым миллионнан астам адам өзге мемлекеттерге кеткен.

Мамандар Еуропадағы қазіргі босқындар мәселесі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі әрі жылдам дағдарыс екенін айтады. 

Жозеп Боррель, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

– Бір аптаның өзінде Украинадан бір жарым миллион босқын кетіп қалды. Алдағы уақытта олардың саны 5 миллионға дейін жетуі мүмкін. Сондықтан бұл азаматтарға гуманитарлық көмек көрсетуіміз керек.