БҰҰ: украиналық босқындар саны 2,5 миллионнан асып кетті

Ақпан айының соңынан бастап Украинадан бас сауғалаған босқындар саны екі жарым миллионнан асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басым көпшілігі әйелдер, сондай-ақ балалар мен егде жастағы кісілер. Еске салып кетсек, қазір Украинада 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға елден кетуге тиым салынған. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар жөнінде Жоғарғы комиссары басқармасының ресми өкілі Мэттью Салтмарш мәлімдеді. Оның айтуынша, Украинадан бас сауғалаған адамдардың саны 4 миллионға дейін жетуі мүмкін.