Арменияның жаңа президенті қызметіне кірісті

Арменияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Inbusiness.kz

Армения президенті Ваагн Хачатрян ант қабылдап, қызметіне кірісті.

Ол 3 наурызда дауыс берудің екінші кезеңінің нәтижесі бойынша мемлекет басшысы болып сайланған. Бұған дейін саясаткер жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі қызметін атқарған еді. Бұрынғы президент Армен Саркисян биыл қаңтардың аяғында отставкаға кететінін жария еткен. Ол тиісті шешімді ереуілшілердің қысымына қатысты қабылдағанын түсіндірді.

Айта кеткен жөн, Армения – парламенттік мемлекет. Президентті парламент депутаттары сайлайды.