Түрікменстанда президент сайлауының ресми нәтижесі ертең жарияланады

Түрікменстанда президент сайлауының ресми нәтижесі ертең жарияланады
Turkmenportal

Саяси доданың өзі кеше өткен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, халықтың 97 проценттен астамы дауыс берген. Үміткерлер қатарында 9 адам бар. Солардың ішінде қазіргі президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов та бар. Ал елді 15 жыл басқарған Гурбануглы Бердімұхамедов сайлауға қатыспайтынын ақпанда айтқан. Ол жас басшыларға жол бергісі келетінін мәлімдеген.