Қытайда стелс-омикрон індеті өршіп тұр

Қытайда стелс-омикрон індеті өршіп тұр

Сарапшылар Қытайда індеттің өршуін стелс-омикронмен байланыстырып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол кәдімгі омикрон штамына қарағанада тез тарайтын көрінеді. Қытайда наурыз айының басынан бері індет дендеп кетті. Күрделі эпидахуалға байланысты Шэньчжэнь қаласында Фоксконн компаниясы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Ол Эппл компаниясының құрылғыларын құрастыру және оған қосалқы заттар шығарумен  айналысады. Шэньчжэньдегі карантин Хуаей, Юнимикрон техноложи және Интел секілді айти-саласының алпауыт корпорацияларына да әсер етеді.