Гонконгта індет дендеп барады

Гонконг қаласында ковид дертін жұқтыру жиілеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік шаһар тұрғындарын санитарлық талаптарды ұстанып, әлеуметтік арақашықтық сақтауға шақырып отыр. Кейінгі тәулікте Қытайда коронавирус жұқтырған бір мың үш жүзден астам науқас анықталды. Елде қатаң санитарлық шаралар қабылданып, ауру жұқтыру деректері тіркелген қалаларда карантин тәртібі енгізілген.  

Кэрри Лэм, Гонконг әкімшілігінің басшысы:

– Азаматтар сақ болғаны жөн. Бәріміз пандемиядан шаршадық, бірақ шыдауымыз керек. Шектеулерді сақтауға тиіспіз. Аурудың өршуін тоқтату үшін халық көп жиналатын орындарға бармауымыз керек.