Испанияда ресейлік олигархпен байланысты яхта қамауға алынды

Испания билігі Барселонада ресейлік олигархпен байланысты суперяхтаны уақытша ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Педро Санчес мәлімдеді. Ақпарға қарағанда, құны 140 миллион доллар тұратын суперяхта «Ростех» басшысы Сергей Чемезовтың туысына тиесілі болуы мүмкін. Дәлірек айтқанда, оның өгей қызы Анастасия Игнатованың атына тіркелген. Сондықтан жергілікті билік шара яхтаның санкция салынған тұлғаларға қатысы анықталмайынша, қамауда болатынын айтады.

Педро Санчес, Испания премьер-министрі:

- Бүгін Ресейдің басты олигархтарының бірінің яхтасы тоқтатылды. Техникалық тілмен айтқанда уақытша қозғалыссыз қалды. Мәселе құны 140 миллион доллар тұратын яхта труалы.

БЕЛСЕНДІЛЕР ЛОНДОНДАҒЫ РЕСЕЙЛІК ОЛИГАРХТЫҢ САЯЖАЙЫНА БАСЫП КІРДІ

Лондонда полиция Ресейдің тағы бір олигархы Олег Дерипасканың саяжайына басып кірген 4 адамды қамауға алды. Өздерін украиналық анархист Нестор Махноның құрметіне орай лондондық махношылармыз деп атаған топ Дерипасканың үйіне кеше басып кірген. Содан кейін саяжайға Украина туларын тігіп, соғысқа қарсы үнпарақтар ілген.

Айта кетейік, Лондонның ең беделді ауданында орналасқан саяжайдың құны – 50 миллион фунт стерлинг.