Шри-Ланка халқы биліктен дағдарыспен тиімді күресуді талап етуде

Шри-Ланка халқы биліктен дағдарыспен тиімді күресуді талап етуде

Шри-Ланка астанасы Коломбада жүздеген адам көшеге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерушілер елдегі экономикалық дағдарыс пен азық-түлік бағасының өсуіне наразы.

Наразылық шарасына қатысушылар президент кеңсесінің алдына жиналып, оларды қарулы әскерилер әзер тоқтатты. Шри-Ланкада коронавирус індеті мен өзге де мәселелерге байланысты экономикаға зор шығын келіп, соңғы 2 жылда валюта қоры 70 процентке азайған. Ал өткен аптада ұлттық ақша рупий күрт құнсызданды. Салдарынан мемлекет шетелден тасымалдайтын туараларға құнын әзер төлеп жатыр. Үкімет тығырықтан шығу үшін Халықаралық валюта қорымен келіссөз жүргзетінін мәлімдеді.