Вьетнам билігі шетелдіктер үшін шекарасын ашты

Вьетнам билігі шетелдіктер үшін шекарасын ашты
WEST UNION GROUP

Елге әзірге виза талап етілмейтін мемлекет азаматтары, оның ішінде вакцина салдырғандары ғана кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, биыл азиялық мемлекет кемінде 5 миллион турист қабылдауды жоспарлап жатыр. Сондай-ақ Жаңа Зеландия үкіметі де 2 жылдан соң шекарасын ашу туралы шешім қабылдады. Алғашқы болып Австралия тұрғындары келе алады. Бұл ереже 12 сәуірде күшіне енбек. Сосын 2 мамырдан бастап виза сұралмайтын елдердің азаматтарына рұқсат етіледі. Тек туристер коронавирус куәлігін немесе соңғы 3 күнде алынған ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетуге тиіс. Бірақ карантинге жабылу міндетті болмайды.