COVID-19: Қытайдың 9 млн тұрғыны бар қаласында жаппай тестілеу жүріп жатыр

COVID-19: Қытайдың 9 млн тұрғыны бар қаласында жаппай тестілеу жүріп жатыр
Tengrinews

Қытайдың Чанчунь қаласында тұрғындардың бірі қалмай коронавирусқа тест тапсырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 9 миллион адам тұрады. Шаһар өткен аптада локдаунға жабылған. Кеше елді мекенде вирусты жұқтырудың 460 дерегі расталса, бүгін ол сан мыңнан асып кеткен. Жаппай тестілеу үшін қалаға өзге өңірлерден мыңнан аса медицина қызметкері жеткізіліп, 7 мың әскери тартылды. Қытайдың 13 миллионға жуық тұрғыны бар Шэньчжэнь қаласы да локдаунға жабылды. Қазір шаһарда қоғамдық көлік қатынамайды. Әр отбасынан бір адам ғана дүкенге бару үшін тысқа шыға алады. Мұнда да қазір жаппай тестілеу жүріп жатыр. Қытайда соңғы уақытта эпидахуал өршіп барады. Наурыздың басынан бері 10 мыңнан аса вирус жұқтыру дерегі тіркелді.