Перуде үйлерді лай көшкіні басып қалды

Перуде үйлерді лай көшкіні басып қалды
Ntdtv.ru

Перудің солтүстігіндегі Ретамас қаласында лай көшкіні жүріп, 7 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеті тұрғын құтқарылды. Таудан аққан лай батпақтан 15 үй қирады. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, көшкін жүрген жерде кеншілер тұрған. Президент Педро Кастильо твиттердегі парақшасында жапа шеккендерге көмек көрсетілетінін жеткізді.