Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 621 мың тұрғыннан вирус анықталды   

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 621 мың тұрғыннан вирус анықталды   

Оңтүстік Кореяда коронавирусқа қатысты кезекті «антирекорд» тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі тәулікте мұнда індетті жұқтырудың 620 мыңнан аса дерегі расталған. Одан бөлек бір күнде 429 науқас вирустан көз жұмған. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Алайда осындай сандарға қарамастан, билік алдағы апталарда шектеу шараларын жеңілдетуді жоспарлап отыр. Бұл әрекетті тұрғындар да қолдады.