Иран президентінің өлімі қастандық әрекет болуы мүмкін
Иран президенті Ибрахим Раиси Әзербайжанға ресми сапары кезінде апатқа ұшырап көз жұмды.
Бұл туралы Иран вице-президенті Мохсен Мансуру мәлімдеді. Ресми ақпар бойынша тікұшақ апатты қону кезінде жанып, экипаж мүшелерінің барлығы оқиға орнында жан тапсырды. Тікұшақта Иран басшысымен қоса оның делегациясы болған.
Иран басшысы Ибрахим Раиси жексенбі күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Арас өзеніндегі су электр станцияларының ашылу салтанатына қатысады. Иранның солтүстік-батысындағы Парсабад қаласында өткен жиыннан қайтар жолда президент тікұшағы апатқа ұшырайды. Ауа райының қолайсыздығынан тікұшақ апатты жағдайда Джульфа қаласының маңына қонып, оқиға орнында жанып кеткен. Бұл туралы әуелі Қызыл Ай құтқару ұйымының басшысы Пирхоссейн КоливАнд мәлімдеді.
Түркия президенті көңіл айтты
Түркия президенті кеше оқиға орнына 32 альпинист пен құтқарушыны жіберді. Режеп Тайып Ердоған Иран президентінің апатқа ұшырауына өз алаңдаушылығын білдіріп,, әлеуметтік желідегі парақшасында "бауырлас Иран халқына көңіл айтамын" деп жазды.
ЦИТАТА:
Иран президенті, менің ағам Ибрахим Раиси мырза мен оның делегациясының апатқа ұшырауы бізді қайғыға салды. Мен өз елімнің атынан көршілес, дос және бауырлас Иран халқы мен үкіметіне көңіл айтамын.
Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті
Нөсер мен тұманды ауа райы және тәуліктің түнге ұласуы құтқару жұмыстарын күрделендіріп жіберді. Сондықтан президенттің жағдайы туралы расталмаған әртүрлі алып-қашпа мәліметтер тарады. ирандықтар ақпарат расталмай тұрып, Иран басшысының амандығын тілеп, дұғада болды.
Мехди Сейеди, тұрғын:
Тегеран
- Жаратқанға басшымызды сақтай гөр деп жалбарынамыз. Отанамызға аман*-есен оралсын деп осы жерде, қол жайып, дұғада отырмыз.
Мұхаммед Реза Саребан, тұрғын:
- Хабарды ести салысымен, дүйім жұрт болып осында жиналдық. Қабырғамыз қайысып, тек амандығын тілеуден басқа қолдан келер шара жоқ.
Кейінгі жылдары Таяу Шығыс елдерінің арасында алауыздық бары жасырын емес. Иран президенті АҚШ пен Израильге қарсы қатаң саясат ұстанған қайраткер. Әлем Иран мен Израиль арасындағы геосаяси байланыстың жылдан жылға ушығып келе жатқаны да куә. Бұл апаттың да қасақана ұйымдастырылуы мүмкін деген болжамдар жоқ емес.
Фариза Жанғанаева