Украинадағы қарулы қақтығыс әлем экономикасына ауыр соққы болмақ

Украинадағы қарулы қақтығыс әлем экономикасына ауыр соққы болмақ

Халықаралық валюта қорының жасаған мәліметіне сәйкес, тараптардың шиеленісі жаһандық экономикалық өсімнің баяулауы мен инфляцияның шарықтауына әкеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан азық-түлік пен энергия тасымалдаушы тауар құны аспандайды. Әсіресе көрші елдерде ақша айналымы мен тауар жеткізу жағынан біраз қиыншылықтар туып, саудадағы алыс-беріс тұралайды. Шекарадағы босқындар дағдарысы да өзге елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізері сөзсіз,– дейді қаржыгерлер.

Кристалина Георгиева, ХВҚ басқарушы директоры:

– Бұрын-соңды болмаған санкциялардың кесірінен Ресей экономикасының құлдырауына әкелді. Жаппай девальвация инфляцияның өсіміне әкелдеді. Бұл өз кезегінде жаһандық экономикаға ықпалын тигізеді. Әсіресе Украина және Ресей нарығымен тығыз қарым-қатынаста болған елдерге тиімсіз. Көбінесе Орталық Азия, Кавказ, Молдова, Балтия елдері санциялардың салқынын сезеді. Босқындар да бірінші кезекте осы елдерге ағылады.