Иран жағалауында суға батқан кемедегі 30 жолаушының 29-ы құтқарылды

Иран жағалауында суға батқан кемедегі 30 жолаушының 29-ы құтқарылды

Бұл туралы бейсенбі күні Иран порттары мен кеме қатынасы ұйымының теңіз қауіпсіздігі және қорғаныс департаментінің бас директоры Надер Пасанде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департаменттің бас директоры құтқарушыларға аса қолайсыз ауа райы жағдайында жұмыс істеуге тура келгенін атап өтті. Бұдан бұрын хабарланғандай, Әмірлік компаниясына тиесілі кеме бейсенбі күні Парсы шығанағындағы Иран жағалауында қатты дауыл салдарынан суға батып кеткен еді. Иран тарапының мәліметінше, бортта 30 адам болған. Оқиға орнына бірнеше құтқарушылар тобы мен тікұшақ жіберілді.