Испания мыңдаған украиналық босқынды қабылдап жатыр

Испанияның Барселона және Мадрид қалаларында да Украинадан ағыла бастаған босқындарды халықаралық «Қызыл крест» қозғалысы негізінде қабылдап, жатын үй және тамақпен қамтамасыз етуді қарқынды жалғастыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Киев, Мариуполь, Ирпень және Одессадан бас саулағап, бала-шағасымен бомбадан қашқан украиналық босқындарды енді Испания билігі де ресми қабылдай бастады. Испаниядағы халықаралық «Қызыл Крест» ұйымы украиналықтарға ең алдымен мединциналық және психологиялық көмек және жатын орынмен қамтамасыз етуде. «Қызыл крест» ұйымының ерікті боп жұмыс істейтін қызметкері мәлім еткендей, Испания бүгінгі күнге дейін 10000 украиналықтарға қамқорлық көрсеткен. Испания үкіметі төлқұжаттары өртеніп кеткен украиналықтарды да қабылдап, оларға осы елде уақытша тұрып, жұмыс жасауға мүмкіншілік беретін еуропалық құжатты  әзірлеуге көмектесуде.

Анна, босқын:

– 23 күні Борисполь әуежайының қалай жарылғанын естідік, қазір тыныштық іздеп, бала-шағамызбен бас сауғалауға мәжбүрміз. Әрі қарай қайда барамыз белгісіз. Әзірге «Қызыл крест» ұйымы көмектесіп жатыр. Олар тегін тамақпен қамтамасыз етуде.