Киевте көпқабатты үй атқыланды

Украина астанасы Киевте көпқабатты тұрғын үй атқыланып, 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей ақпарға қарағанда бомба 10 қабатты үйдің ауласына түсіп, ғимараттың кей бөліктері отқа оранған. Жарылыстан есік терезелердің тас талқаны шыққан. Қаза тапқандар туралы ақпар жоқ. Өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп, жапа шеккендерге көмек көрсетілген. Ал қала билігінің мәлімдеуінше, Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Ресей әскерінің Киевті атқылауынан 228 адам көз жұмған.

БЛИЦ: 

- Ешқандай дабыл соғылып, ескерту болған жоқ. Мен ас үйден дәлізге шығып бара жатқан едім. Бір кезде жарылыс болып, артымнан қатты толқынды сездім. Қалай аман қалғанымды өзім де білмеймін.