Бельгияда карнавал қатысушыларын көлік қағып кетті

Бельгияда карнавал қатысушыларын көлік қағып кетті

Бельгияда карнавал қатысушыларын көлік қағып, 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 40-қа жуығы жарақат алған. Дәрігерлер 10 науқастың жағдайы ауыр екенін айтады. Көлік ішінде отырған екі ер адам қамауға алынған. Қайғылы жағдайға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті прокуратура оқиғаның лаңкестікке еш қатысы жоқ екенін айтады.