Киевте сауда орталығындағы жарылыстан сегіз адам қаза тапты

Киевте сауда орталығындағы жарылыстан сегіз адам қаза тапты

Ресей күштері Украинадағы қалаларды атқылауды жалғастырып жатыр. Кеше Киевте сауда орталығы бомбаланып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атқылаудан жақын маңдағы көпқабатты үй қирап, бүлінді. Ресей Қорғаныс министрлігі болса, Украина әскері сауда орынын зымырандарды сақтайтын қойма ретінде пайдаланып келген дейді. 

Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

– Ресей барлауы Украина күштерінің бұл сауда орнын дүркін-дүркін ататын реактивті жүйесінің қару-жарақ сақтайтын қоймасына айналдырғанын анықтады. Олар осы жерде жасырынып, қаруды оқтап отырған.