Израильде полиомиелит дерті өршіді

Израильде полиомиелит дерті өршіді

Ауруханалардың біріне неврологиялық сырқат белгісі бар 4 жасар бала түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексере келе оның полиомелит екені анықталды. Дәрігерлер осыдан қауіптеніп отыр. Өйткені мұның соңы сал болып қалуға, тіпті ажалға апаруы мүмкін. 

Асам Бехтер, эпидемиолог:

– Әрине шошынып отырмыз. Полиомиелитті көрмегенімізге талай жыл болды. Бірақ біз бұл қандай ауру екенін жақсы білеміз. Қазір індеттің тарауына жол бермеу үшін осы ауданда тұратын балаларды жаппай тексеріп жатырмыз.

Тексеру кәріз жүйесінде полиомиелит вирусы бар екенін көрсетті. Тіпті ол мутациядан өткен. Соңғы рет Израильде бұл дерт 2013 жылы бәдеуилер тұратын Рахат елді мекенінде тіркелген болатын. Вирус ол кезде Мысырдан келіп, Израильге тарап кеткен. Ол кезде үкімет шұғыл шара қабылдап, бірнеше сағатта 200 мыңдай балаға екпе салған.

Шарон Эльрои-Прайс, Израиль денсаулық сақтау министрілігі қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі басшысы:

– Көп жыл бойы полиомиелит болмағандықтан, біз балаларға екпе жасаған жоқпыз. Ал оған дейін жеңілдетілген жүйемен екпе салып жүрдік, екі вакцинаның орнына біреуін. Енді барлық балаға екпе салуды қарастырып отырмыз. Бұл тексеру нәтижесіне байланысты болады.

Полиомелит, әсіресе, балаларға қауіпті. Дерттің алмай қоймайтынын түсінетін дәрігерлер шұғыл шара қолдануды қалайды. Ал Израильде эпидемиологиялық қызмет жақсы ұйымдастырылғандықтан, індеттің тарауына жол берілмейді деген үміт бар.

Авторы: Сергей Ауслендер