Ресейде фейктер туралы заңға түзету енгізілді

Енді елдің Қарулы күштерінің ғана емес, сондай-ақ кез келген мемлекеттік мекеменің іс-әрекеті туралы жалған деп танылған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілік жүктейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті толықтыруды бүгін Мемлекеттік дума депутаттары қабылдады. Ең жоғары жаза – 15 жылға сотталу. Ал төменгі жаза – 700 мың рубль айыппұл төлеу.