Израильде біреу 4 адамды пышақтап өлтірді

Израильде біреу 4 адамды пышақтап өлтірді

Израильдің Беэр-Шеве қаласында әлдекім жанармай бекетіндегі қызметшіні пышақтап, одан көлігімен жолдағы велосипедшіні қаққан.

Одан көлігін тастап сауда орталығына ұмтылып, жолда тағы бірнеше адамды пышақтаған. Сөйтіп, бас-аяғы 4 адамды өлтірді.

Бірақ жүргіншінің бірі қаскүнемді тапаншасымен атып өлтірген. Артынан полиция қылмыскердің Мухаммед Абу-Алькаин есімді 34 жастағы ұлты араб Израиль азаматы екенін анықтады. Бұған дейін мұғалім болып қызмет еткен ол, лаңкестік ұйыммен байланыста болғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Түрмеден 2019 жылы босап шыққан екен.