АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон коронавирус жұқтырды

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон коронавирус жұқтырды
ТАСС

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы және президенттікке үміткер Хиллари Клинтоннан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24» COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонда сынақ нәтижелері теріс болса да, ол карантинде болады. Бұрынғы Мемлекеттік хатшы өзінің Twitter парақшасында вакцина алу арқылы аурудың ауыр кезеңінде қорғалғаны үшін ризашылығын білдірді. Клинтон ханым сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцинаны әлі алып үлгермегендердің барлығын екпе жасауға шақырды.