Британия Ресейге қарсы кезекті рет санкция салды

Ұлыбритания Ресейге қарсы кезекті рет санкция салды.

Бұл жолғы шектеуге бірнеше қаржы ұйымы ілінді. Арасында "Альфа-банк", "Газпромбанк", "Россельхозбанк" және "Алроса" компаниясы бар. Соңғысы алмаз өндіретін кәсіпорындар тобы. Ол қымбат тастар өндірісі бойынша жетекші орында. "Сбербанк" басшысы мен бірнеше ірі кәсіпкерге де санкция салынды. Британиядағы активтері бұғатталды және Біріккен Корольдік аумағына кіруге шектеу қойылды. 59 жаңа тармақтан тұратын Ресейді жазалау шарасы жыл басынан бері алтыншы рет қабылданды.