Ауғанстанда 6-сыныпқа дейінгі қыз балаларға оқуға тыйым салынды

Ауғанстанда 6-сыныпқа дейінгі қыз балаларға оқуға тыйым салынды

Ауғанстанда "Талибан" 6-сыныпқа дейінгі қыздарға сабақ оқуға тыйым салды.

Оқу жылы 23 наурызда басталуы керек болатын. Бірақ 7 айға созылған ұзақ кідірістен кейін мектептерге зор қуанышпен барған қыздар бірнеше минуттан кейін үйіне қайтарылды. Тәліптер оқу бағдарламасы ислам заңдарына лайықталып жасалмайынша, оқу орындары ашылмайтынын айтқан. Бұл шешімді естіген көптеген қыздар жылап, бір-бірімен құшақтасып қоштасқан.

Естеріңізге сала кетейік, "Талибан" Ауғанстанда 1996 жылдан 2001 жылға дейін билік құрған кезінде қыздар мен әйелдердің білім алуына және жұмыс істеуіне шектеу қойған еді.