Қытайдағы ұшақ апаты: екінші қара жәшік іздестірілуде

Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақта болған адамдар әлі іздестіріліп жатыр.

Тағы басты міндет – екінші қара жәшікті табу. Алдында біріншісі табылған, бірақ оның дауыс жазатын бөлігі қатты зақымданған болып шықты. Сонда да қазір арнайы зертханада сараптама жүргізіліп жатыр. Соңғы 2 күнде жаңбыр жауып, операция кідіріп қалған болатын. Бұл жұмысқа 300-ден астам маман және экскаваторлар мен ауыр техника тартылған. Орманды, батпақты аймақ болғандықтан, құтқарушылардың барлығы арнайы костюмдер мен резеңке етік киген.

Айта кетейік, әуе кемесінде 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған.