Тәліптер Кандагар радиостанциясын жауып, оның үш қызметкерін қамауға алды

Тәліптер Кандагар радиостанциясын жауып, оның үш қызметкерін қамауға алды
Хабар 24

Радикалды қозғалыс өкілдері тағайындаған жергілікті билік бұл оқиғаға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда билікке келген (Қазақстан республикасында тыйым салынған) «Талибан» қозғалысы Кандагарда хабар тарататын «Ұлт дауысы» радиостанциясын жауып, оның бірнеше қызметкерін қамауға алды. Бұл туралы бүгін Ауғанстан журналистері қауымдастығы хабарлады.

Оның айтуынша, «Талибан» тобы «Ұлт дауысы» радиостанциясының ғимаратына басып кіріп, барлық ғимаратты жауып тастаған». Тәліптер радиостанцияның жаңалықтар бөлімінің басшысын, техникалық бөлім басшысын және «Ұлт дауысы» продюссерлерінің бірін еш себепсіз қамауға алды.