Украина әскері Ирпень мен Тростянец қалаларын азат етті

Украина әскері Киевке жақын Ирпень қаласын азат етті.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша Ресей қарулы күштері қарымта шабуылға шығуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға қалаға оралмауға нұсқау берілді. Сондай-ақ украиналықтар елдің шығысындағы Тростянец қаласын жаудан босатқанын хабарлады. "Ассоушейтид Пресс" таратқа кадрларда сарбаздарды халықтың қалай қуана қарсы алғанын және қираған ресейлік танктер мен басқа техниканы көруге болады. Қала әкімшілігі қалпына келтіру жұмыстарына дереу кірісіп кетті. Шаһардағы аурухана мен бірнеше нысанға мина қойылғаны хабарланды. Қазір залалсыздандырғыш мамандар жұмыс істеп жатыр. Президент Владимир Зеленский дәстүрлік бейнежазбасын жолдады.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Басқыншылар Ирпень мен Киев аумағынан артқа шегініп барады. Бірақ аталған аймақта қауіпсіздік толық орнады деп айтуға әлі ерте. Қиян-кескі ұрыс жалғасып жатыр. Ресей әскері Киевщина өңірінің солтүстігін бақылауда ұстап отыр.