Мексикада ұшақ құлады: қаза тапқандар бар

Мексикада ұшақ құлады: қаза тапқандар бар

Мексикада жеңіл ұшақ Морелос штатындағы сауда үйіне құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш адам мерт болған. Олардың барлығы ұшақ бортында отырған. Тағы төрт тұрғын түрлі жараланды. Болжам бойынша ұшқыш белгісіз себептермен әуе көлігін басқара алмай қалған. Ақпарат көздері ұшақ құлар алдында бірнеше бөлікке бөлініп кеткен деп хабарлайды. Қазір апатқа нақты не себеп болғаны тексеріліп жатыр.