ДДСҰ пандемияға қарсы күрес жоспарын жариялады

Онда пандемияның биыл өрбу мүмкіндігінің 3 сценарийі сипатталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде сарапшылар вирус біржола жоғалып кетпейді, әрі қарай тарала береді, бірақ вакциналау негізінде иммунитет қалыптасып, аурудың ауыртпалығы төмендейді деген нұсқаға көбірек иек артады. Сондай-ақ вирус жұқтыру мен одан көз жұму көрсеткіші көп жағдайда ұжымдық иммунитетке байланысты болатыны айтылады. Бұл бағытта бірінші кезекте осал топтарды жүйелі иммундау жұмысы жүргізілуге тиіс.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Бәрі жақсы болса, ауыр штамдардың пайда болу мүмкіндігі азайып, бустерлер немесе вакцинаның жаңа түрлері қажет болмай қалады. Жағдай жақсы болса, тез жұғып, жылдам таралатын мутациялар шығады. Десек те қазір әлемде пандемияны бақылауға алу үшін толық мүмкіндік бар. Инфекцияны бетперде, әлеуметтік қашықтық, қолды жуу арқылы еңсеріп, әр адамның тесті тапсыруына, вакцина салдыруына және емделуіне жағдай жасай аламыз.