Америкалық актер Брюс Уиллис кинодан кетті

Америкалық актер Брюс Уиллис кинодан кетті
inform.kz

Әйгілі кино жұлдызы сөйлеу қабілетінің бұзылуына әкелетін афазия ауруына шалдығуына байланысты мансабын аяқтайды.

Бұл туралы Уиллистің қызы Instagram желісінде жазды. «Біздің сүйікті Брюс денсаулығына қатысты мәселелерге тап болды және жақында оның когнитивті қабілеттеріне әсер ететін афазия диагнозы қойылды. Бәрін ойластырған Брюс өзі үшін маңызды болған карьерасынан бас тартты», – деп жазды Румер Уиллис . Жұртшылыққа арналған үндеуге Брюстің әйелі Уиллис Эмми, сондай-ақ оның бұрынғы зайыбы Деми Мур және оның балалары қол қойған. Афазия – мидың зақымдануынан туындауы мүмкін сөйлеудің бұзылуы. Афазия нәтижесінде сөйлеу, түсіну, оқу, жазу қабілеті жойылуы мүмкін. Брюс Уиллис 1955 жылы 19 наурызда Идар-Оберштейн қаласында дүниеге келген. Әкесі америкалық, ал шешесі неміс. Ол «Мықты жаңғақ», «Қылмыстық оқулық» «Армагеддон» және «Бесінші элемент» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал болды.