Еуроаймақты қымбатшылық жайлады

Еуроаймақты қымбатшылық жайлады

Еуроаймақ елдерінде қазір инфляция деңгейі 7,5 процентке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Әсіресе Еуроаймаққа кіретін 19 мемлекеттің ішінде әсіресе Литва, Латвия, Эстония мен Нидерландта инфляция тым шарықтап тұр. Сарапшылар бұл Украинадағы шиеленіске байланысты энергия құнының артуынан туындаған жағдай дейді. Соның салдарынан азық-түлік пен алкогольдік сусындар да 5 процентке қымбаттаған. Бұл жағдай Еуроаймақ тұрғындарының наразылығын тудырып, халық ереуілге шығып жатыр.