Шри-Ланкада коменданттық сағат енгізілді

Шри-Ланкада коменданттық сағат енгізілді

Тәртіп бойынша халыққа далаға шығуға болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің ірі қаласы Коломбода дүкендер мен кей кәсіпорындар жұмысын тоқтатып, көшелер қаңырап бос қалды. Әскерилер аймақтағы қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстап тұр. Шектеу шаралары таңғы сағат алтыға дейін өз күшінде болмақ. Естеріңізге салайық, Шри-Ланкада төтенше жағдай сәуірдің бірі күні жарияланды. Оған аймақта белең алған жаппай тәртіпсіздік себеп болды. Елдегі күрделі экономикалық жағдайға көңілі толмаған тұрғындар президенттің отставкасын талап еткен. Ереуіл тәртіпсіздіктерге ұласып, ондаған адам жарақат алды. Қамауға алынғандар да бар.