Оңтүстік Осетия аймағы Ресейге қосылу туралы референдум өткізбек

Оңтүстік Осетия аймағы Ресейге қосылу туралы референдум өткізбек
Коммерсант

10 сәуірде Оңтүстік Осетия аймағы Ресейге қосылу туралы референдум өткізбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы мойындалмаған республиканың басшысы Анатолий Бибилов 30 наурызда мәлімдеген.

Анатолий Бибилов, мойындалмаған Оңтүстік Осетия басшысы:

- Осетин халқының басты тарихи, стратегиялық мақсаты – бір мемлекет астына бірігу. Бұл мемлекет - Ресей Федерациясы. Ресеймен бірігу – біздің жолымыз. халқымыздың қалауы, біз осы бағытты ұстанамыз. Тиісті заңды қадамды біз жақын уақытта жасаймыз. Оңтүстік Осетия республикасының өзінің тарихи отаны Ресейдің құрамына кіреді.

Грузия СІМ: Оңтүстік Осетияда референдум өткізу ақылға сыйымсыз

Грузияның Сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық бойынша құрамындағы Оңтүстік Осетияда референдум өткізу туралы әңгіме ақылға сыйымсыз деп жауап берді. Осы аралықта Грузия президенті Саломе Зурабишвили ресми Тбилиси Ресейге қарсы санкцияларды қолдайды және барлық халықаралық қаржылық шектеулерге қосылады деп мәлімдеп үлгерді. Ал Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейге қосылу бастамасы Оңтүстік Осетия халқының өз пікірі, сондықтан оған құрметпен қарайтынын жеткізді.