Израиль мен Түркияны газ жақындастыруы мүмкін

Израиль мен Түркияны газ жақындастыруы мүмкін
МК-Турция

Түркия мен Израиль өкілдері газ құбырының құрылысын талқылап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Түркия жағалауы мен Израильдің «ЛевиафАн» газ орнын жалғастыруы тиіс. Көгілдір отын алдымен Түрік еліне, сосын Еуропа мемлекетіне жеткізіледі. Жоба құны 1 жарым миллиард долларға бағаланып отыр. Негізі тиісті идеяның айтылып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Алайда Украинадағы шиеленіс басталғалы тараптар мәселені қайта көтере бастаған. Рейтерс агенттігінің хабаралуынша, магистраль Ресей мен Еуропаның оңтүстігін жалғастыратын газ құбырының баламасы болуы мүмкін.

Айта кеткен жөн, соңғы жылдары Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп келген. Қарама-қайшылық негізінен Палестина мен күрдтерге байланысты туындаған. Былтыр Биньямин Нетаньяху премьер-министр лауазымынан кеткеннен кейін тараптардың қарым-қатынасы біршама жақсара бастады.