Ресейге салынатын санкциялар тізімі ұлғаяды

Ресейге салынатын санкциялар тізімі ұлғаяды

Еуроодақтың Ресейге қарсы салған санкциялар тізімі толықтырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болжам бойынша шектеулердің бесінші пакетіне ұшақ лизингі мәселесі, Авиациялық отынның импорты мен экспорты, болаттан жасалған өнімдер мен сән-салтанат заттары ілігуі мүмкін. Мамандар құжаттың әлі әзірленіп, әрі толықтырылып жатқанын айтады. Сондықтан әлі де өзгертулер болуы мүмкін екенін ескертеді. Әзірге одаққа мүше елдер Ресейдің энергия тасымалдаушылардың импортына тыйым салу мәселесіне қатысты ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Мәселен, Еуропаның кей елдері бұған қарсылық танытқандықтан мұнай-газ эмбаргосы бір ауыздан қабылданбаған. Жаңа шектеу шаралары Еуроодақ елдерінің келіссөздерінен кейін нақты белгілі болмақ. Болжам бойынша шара сәуірдің 6-сы күні өтуі тиіс. Жалпы, сарапшылар Ресей 2022 жылы мұнай мен газ экспортынан 321 млрд доллар табысқа кенеледі деп топшылайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 процентке артық көрсеткіш. Сондықтан бұл саладағы шектеулерді қатаңдату керек дейді сарапшылар.