Жүздеген украиналық босқын АҚШ шекарасында кептеліс туғызды

Жүздеген украиналық босқын АҚШ шекарасында кептеліс туғызды

АҚШ-қа өтуді көздеген жүздеген украиналық босқын Мексиканың Тихуана қаласын паналап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. Берілген мәлімет бойынша, АҚШ-тың Калифорния штатымен шекаралас қалаға Украинадан 1 мың 700 босқын келген. Арасында балалар да бар. Оларға тынығу, тамақтану және ойнауға жағдай жасалған. Алайда босқындардың нөпірі жергілікті билікке салмақ салуы мүмкін, дейді мамандар.

Энрике Лусеро, Тихуана көші-қон істері басқармасының басшысы:

– АҚШ тарапы мигранттарға қатысты шекарадағы қызметкерлер санын арттырып, босқындарды қабылдау процесін жылдамдатады деп үміттенеміз. Сонда 3-4 аптаның ішінде олардың қатары азаяр еді.