Микеланджелоның белгісіз суреті аукционға қойылады

Микеланджелоның бұған дейін белгісіз болып келген суреті Франциядағы аукционға қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше лоттың бастапқы құны әзірге 33 миллион долларға жуық. Мамандар бұл туындыны атақты суретші жас шағында салған деп есептейді. Бұл шамамен 15 ғасырдың бас кезі. Картина аукционда сатылмас бұрын әлем елдерін аралап шығады. Сапар Гонконг пен Нью-Йоркте басталады.

Стижн Олстинс, көрмені ұйымдастырушы:

— Менің ойымша, бұл сурет – соңғы жылдары жария болған ең үлкен жаңалықтың бірі. Бұл картинаны Микеланджело 20 жасқа толар шағында Флоренцияда тұрған кезінде салған.