Перуде отын мен азық-түлік бағасы шарықтап тұр

Перуде отын мен азық-түлік бағасы шарықтап тұр

Перуде наурызда инфляция деңгейі кейінгі 26 жылда болмаған көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елде отын мен азық-түлік бағасы қымбаттаған. Одан бөлек ауылшаруашылық саласында төтенше жағдай жарияланған. Себебі Ресейге қатысты санкциялар салдарынан тыңайтқыш құны күрт артып кеткен. Осыған байланысты елде жаппай ереуілдер мен тәртіпсіздіктер басылмай тұр. Наразылық акциясына қатысушылар жолдарды жауып тастап, ел астанасы Лимаға тауарлардың жеткізілуі қиындаған. Соның салдарынан азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады.

Ереуілге қатысушы:

Перу табиғи ресурстарға бай мемлекет. Алайда халықтың жағдайы қиын. Өйткені билік дұрыс әрекет етпей жатыр. Ереуілге шығуымыздың себебі де сол.