Францияда инфляция рекордтық көрсеткішке жетті

Францияда инфляция рекордтық көрсеткішке жетті

Францияда наурызда инфляция 5 проценттен асып, рекордтық көрсеткішке жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар оған Украинадағы әскери іс-қимылдар әсер еткенін айтады. Өйткені шиеленіс басталғалы энергия тасымалдаушылардың бағасы күрт өскен.

Мишель Блудо, зейнеткер:

– Бағалар өсіп жатыр, ал біздің зейнетақымыз сол бұрынғы күйінде қалды. Биліктің оны көтермегеніне біраз болды. Басқасын айтпай-ақ қояйын, алатын азын-аулақ ақшамыз тамақ сатып алудың өзіне жетпей жатыр.