Еуроодақ Ресей мен Беларусьтің активтерін бұғаттады

Еуроодақ Ресей мен Беларусьтің активтерін бұғаттады

Еуроодақ Ресей мен Беларусьтің 30 миллиард еуро көлеміндегі активтерін бұғаттады.

Еурокомиссия өкілінің айтуынша, шектеу бірнеше тікұшақ, жылжымайтын мүлік пен қайықтарды, сондай-ақ өнер туындыларын қамтыды. Санкция аясында көлемі 196 миллиард еуро болатын қаржы транзакциялары да жабылды. Бүгін Еуроодақ Ресей президенті Владимир Путиннің екі қызына да санкция жариялады.