Саудия биыл қажылыққа бір миллион адам қабылдайды 

Саудия биыл қажылыққа бір миллион адам қабылдайды 

Сауд Арабиясы биыл қажылыққа шетелден 1 миллион адамның келуіне рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ ниет етушілердің жасы 65-тен аспаған және коронавирусқа қарсы толық вакцина алуы тиіс. Сондай-ақ олар ПТР-тестінің теріс нәтижесін көрсетеді. Бұл туралы Корольдіктің Қажылық және умра министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары хабарлаған. Исламның бесінші парызын өтеу барысында барлық санитарлық ережелер қатаң сақталуы керек. Естеріңізге сала кетейік, соңғы 2 жылда індетке байланысты қажылыққа келуге тыйым салынған еді. Пандемияға дейін Мекке мен Мәдинаға 2 жарым миллион адам келіп, ел қазынасына жылда 12 миллиардтай доллар құйылатын.