Испанияда жағалау күзеті ондаған мигрантты құтқарды

Испанияда жағалау күзеті ондаған мигрантты құтқарды

Испанияда жағалау күзеті теңізде тағы 46 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскерилер 2 үрлемелі қайыққа отырған босқындарды Гран-Канария аралының маңын тікұшақпен шолып жүргенде тапқан. Келімсектерге жедел көмек көрсетіліп, Аргинегин қаласына жеткізілді. Испания Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, соңғы уақытта Батыс Африкаға жақын жатқан Канар аралдары арқылы Еуропаға жетуге талпынған мигранттар қарасы қайта көбейген. Дерекке қарағанда жыл басталғалы бұл жерге 6 300-ге жуық босқын табан тірепті. Былтыр Канар аралдарына 22 мыңнан аса мигрант кірген болатын.