БҰҰ: Украинада 4,8 млн бала үйінен безіп кетті

Әскери қақтығыс басталғалы Украинадағы балалардың шамамен үштен екісі үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ-ның өкілдері мәлімдеді. Халықаралық ұйымның мәліметіне сәйкес, шиеленіске дейін елде 7 жарым миллион кәмелетке толмаған бала тіркелген екен. Қазір солардың 4 миллион 800 мыңы өз үйінде тұрмай, жан-жаққа бас сауғалап кеткен. Мамандар олардың біразы білім алу мүмкіндігінсіз қалғаны үшін алаңдап отыр. БҰҰ-ның өкілдері сондай-ақ әскери қақтығыс салдарынан қазір Украинада 1 жарым миллионнан аса баланың тойып тамақ ішпей жүргенін айтады.