Үндістанға жаз мерзімнен бұрын келді

Үндістанға жаз мерзімнен бұрын келді
Inform.kz

Аймақта аптап ыстық апшыны қуырды. Нью-Дели қаласында күн шыжып, 42 градустанасып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл әдетте сәуір айында тіркелетін ең жоғарғы температурадан 8 градусқа артық. Раджастхан, Гуджарат пен Уттар-Прадеш штаттарында да күн ысып барады. Бұл аздай, аймақта ауыз су тапшы. Ондаған миллион халқы бар өңірде су құбырлары жетіспейді. Әдетте Үндістанда бір жылда аптап ыстықтан жүздеген адам көз жұмады.

Прем Кишор, бағбан:

– Бұндай температураға шыдау қиынға соғып барады. Қалтасы көтеретіндер кеңселері мен үйлерінде кондиционер орнатып алады. Ал біз, қарапайым жұмысшылар қайтеміз? Ыстықтан қалай аман қаламыз?