Тәліптер 500-ге жуық шенеунік пен қауіпсіздік қызметінің өкілін өлтірген

Тәліптер 500-ге жуық шенеунік пен қауіпсіздік қызметінің өкілін өлтірген

Ауғанстанда тәліптер билік басына келгелі бұрынғы үкіметке қызмет еткен 500-ге жуық шенеунік пен қауіпсіздік қызметінің өкілін өлтірген.

Бұл туралы "Нью-Йорк таймс" газеті хабарлады.

Басылым Мемлекеттік қызметкерлерге қарсы әрекет Ауғанстанның барлық 34 аймағында тіркелгенін айтады. Мысалы, Бағлан провинциясында 84, ал Кандагарда 114 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Айта кетейік, "Талибан" Ауғанстандағы билікті былтыр тамыз айында басып алған соң оның басшысы Хайбатулла Ахунзаде елде жалпыға бірдей рақымшылық жариялаған болатын. Бірақ американдық басылым «тәліптер жаппай рақымшылықты үкіметке қызмет еткен азаматтарды ұстау үшін пайдаланды» деп айыптап отыр.